Су сапасы қадағаланып отыр

Су тасқыны кезінде өзен суы ластанып түрлі аурулардың туындауы ғажап емес. Осыған орай елімізде санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бас санитариялық дәрігерінің 4 сәуірде №3 қаулысы шығып, қолданысқа
енгізілді.
Осы қаулының орындалуын қамтамасыз етумақсатында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы Жайық өзенінен сынама алып,
тиісті зертханалық жұмыстарын жүргізуде.

–Күні бүгін ауданымызда эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Апта сайын Жайық өзенінен, су тазарту қондырғыларынан ауыз су сынамалары алынып отыр.
Күні бүгінге Атырау қаласына вирусологиялық, ротовирус, энтеровирус, вирусный гепатит-А инфекцияларына қарсы алынып жолданды. Әзірге сынамалардан ешқандай ауытқушылық анықталған жоқ,-дейді Индер аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлжан
Уразалиева.
                                                                                                                                                                                                                                              С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521