Спорт жанашырын еске алды

  • Жолбарыс» спорт клубы мен Индер балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен «Балалар жылына» орай ауданымыздың танымал азаматы, спорт жанашыры Тасыбаев Мырзабек Сансызбайұлын еске алуға арналған еркін күрестен 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өткізіліп, оған 200-ден аса спортшы қатысты.
  • Орал, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе мен Атырау өңірлерінен бөлек, Дағыстан мен Шешенстан Республикаларынан келген балуандар да бақ сынасқан шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Дарын Шамұратов қатысып, барша спортшыға сәттілік тіледі.
  • photo_5474145649835490877_y
  • Шара барысында аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің  директоры Мәлік Биғамбаев пен Мырзабек Тасыбаевтың қарындасы Бекзада Сансызбайқызы ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, қатысушыларға жеңіс тіледі.
  • Шара аясында БҚО аға жаттықтырушысы, ардагер ұстаз Жәнібек Жұбанышұлы «Үздік төреші» номинациясын Салауат Қыраубаевқа, спорт жанашыры Асхат Ақылбекұлы «Үздік бапкер» номинациясын Дархан Измухановқа, Ақжайық ауданы спорт мектебінің директоры Марат Жеңісұлы «Боз кілемнің баһадүрі» – Қазақстанның даңқты палуаны Сайлау Мұқашев туралы кітапты Мәлік Биғамбаев пен Сырбаз Талғатқа табыс етті. Сонымен қатар, Атырау облысындағы олимпиадаға дайындау мектебі директорының орынбасары, халықаралық дәрежедегі төреші Саламат Шыныбеков аталған шараны ұйымдастыруға қолғабыс еткен аудан әкімі Дарын Шамұратов пен аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаевқа және «Атамекен» ҰКП аудандық филиалы директоры Дәурен Сағынғалиевке федерация Президенті Нұрлан Усеевтің арнайы алғыс хатын табыстады.
  • photo_5474145649835490894_y
  • Тартысты өткен бәсекеде мықтылар оза шауып жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, 32 кг салмақта Нұрберген Амандықұлы (Индер) І орынды иеленіп, арнайы белдікке ие болса, Қасымхан Дуатов (Индер) ІІ орын, Абдулкадир Исмаги (Жамбыл облысы) Талғат Ерқанат (Атырау) ІІІ орынды еншіледі. ІІІ орын алған Жамбылдық Абдулкадир Исмагиға БҚО ұлттық спорт бәйге федерациясының атқарушы директоры Сатқали Демесінұлы арнайы жүлде табыс етті.
  • 35 кг салмақта Ибрахим Таубай (Ақтау) І орынды иеленіп, арнайы белдік иегері атанды. Ал, Әлішер Байжан (Индер) ІІ орын, Әлжапар Әділет (Орал), Фархат Орақұлы (Индер) ІІІ орынды еншіледі.
  • 38 кг салмақта І орынды Мухаммад Исмаги (Жамбыл) еншілесе, Жанарыс Өрбісін (Индер) ІІ орын, Данабек Сейтімбетов (Ақтау), Мақсот Маралбек (Орал) ІІІ орынға ие болды.
  • 41 кг салмақта Елнұр Бегимов (Ақжайық) І орын, Ералы Жаулбай (Мақат) ІІ орын, Рустам Сахипов (Орал) пен Бейбіт Абузар (Атырау) ІІІ орынды иеленді.
  • 44 кг салмақта Марат Темірлан (Индер) І орын, Хаид Дакаев (Чечня) ІІ орын, Нұржан Алихан (Атырау) мен Талғат Аймауыт (Атырау) ІІІ орын алды.
  • 48 кг салмақта Нұртас Нұрлыбекұлы (Орал) І орын, Қадырхан Еркебұлан (Атырау) ІІ орын, Тимур Абдулаев (Ақтау) мен Қабдолла Бейбарыс (Алғабас) ІІІ орынға табан тіреді.
  • photo_5474145649835490902_y
  • Барша І орын иегеріне арнайы белдік табысталды. Сонымен қатар, додада Исмаги Мухаммад пен Марат Темірлан «Үздік палуан» номинациясын жеңіп алды.
  • Барлық жеңімпаз бен бас жүлде иегері бапкерлері Мырзабек Сансызбайұлының отбасының атынан ақшалай және арнайы сыйлықпен марапатталды.
  • Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521