Бүгінде күзгі әскер қатарына шақыру мен аттандыру шаралары жүруде.
Алайда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім арқылы әскер қатарына шақырылғандар түрлі сылтау айтып, шақыруды аяқасты қалдыратындар жиілеп кетті. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов, қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Т.Бражанов және ішкі істер бөлімі қызметкері бар топ, Өрлік ауылы тұрғындарының үйлерін аралап, әскери бөлімге шақыру алғанмен келмей жүрген жастармен кездесті. Оларға түсінік жұмыстарын жүргізіп, енді шақыруға келмегендерге 2 млн.нан астам айыппұл салынатынын, өзге де тұрғындардың сауалына жауап беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді.
Өз тілшіміз.