Шаңғышылар жарыс жолында

Шаңғыдан алғашқы аудандық жарыс былтыр басталса, биыл шаңғымен қоса биатлон, президенттік көпсайыстан оқушылар арасында облыстық біріншілік ауданда жалғасын тапты. Жарыстың ашылуында Қазақ елінің Туы көкке көтеріліп, Гимні шырқалды.

Қонақтарға аудан әкімі Мейірім Қалауи қош келдіңіздер айта келе: «Ауданда қысқы спорт түрлерін дамытуға барлық мүмкіндік бар. Алдағы уақытта оған мүмкіндігінше бар жағдай жасалады»,-деді.

– Оқушылар арасындағы облыстық спартакиада Атырау қаласында хоккей спортынан басталса, енді, міне басқа спорт түрлерінен осында жалғасын табуда. Алда республикалық жарыстар кезегін күтуде. Осы додада үздік шыққандар облыстың намысын қорғайтын болады, - деді облыстағы аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының басшысы Сәдіржан Жекенов. Сонымен қатар ол аудан спортын дамытуға үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарға естелік медальдар табыс етті.

Жарыс алдында Қазақтың тұңғыш бард ақыны, жерлесіміз Т.Досымовтың Индердің гимніне арналған «Дендерім менің» әнін республикалық байқаулардың жүлдегері Нағим Сатимов шырқауы жас спортшыларға жақсы серпін бергені сөзсіз.

Жайықтың үсті мұз айдынға айналып, оқушылар шаңғыларын сайлап, жас ерекшеліктеріне қарай сайысқа шықты. Жарысқа Атырау қаласынан және «Атырау-Сервис» пен политехникалық колледж студенттерінен, Исатай мен Махамбет аудандарынан, сондай-ақ мұзайдын иелері ауданның 15 мектебінен, барлығы 20 команда қызықты да тартысты сайыстарға түсіп, жүлдегерлер марапатталды.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521