Есбол ауылына жиналған барша облыстың орман қызметкерлері мен ардагерлерін алғаш болып Индер ауданы әкімі Серік Арыстан облыс басшысы және аудан жұртшылығы атынан құттықтап, еңбекте игі табыстарға жете беруге тілек қосты.
Соңында Атырау, Құрманғазы, Махамбет, Индер аудандары орманшылары Ж.Жаңбырбаев, Ә.Сатылғанов, М.Ахметов, С.Жүндібаевқа облыс, ал индерлік орманшылар Сағындық Киртанов пен Қалау Қаюповқа аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.
Мұндай төсбелгілерге индерліктер Сағындық Киртанов, Қалау Қаюпов, ал Құрмет грамотасына мекеме басшысы Талғат Досан ие болды. Сөйтіп, елге дәулет, жерге сәулет, адамға қорған болған орман қорын қорғаушылардың облыстық шарасы Индер ауданында осылайша қызықты кездесулер мен жарысқа, тәжірибе алмасуларға жол ашып, нәтижелі қорытындыланды.
С.ХАЛЫҚОВ.
Есбол ауылы.