Сенбілікке жұмыла кірісті

Ауданда көктем шыға басталатын тазалық айлығы жарияланып, жасалар шаруалар тізбегі бекітілді. Яғни, апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, тағы бір мәрте тазалыққа мән беру көзделіп отыр.

Ал кешегі сенбілікте кент басындағы мекемелер өз аумақтарын тазаласа, бірқатар мекемелерге арнайы орындар бекітіліп берілді. Әсіресе Махамбет көшесінен төмен қарай түсетін жолдағы арықтар да күл-қоқысқа толып қалғаны байқалды. Ол жерден шығарылған қоқыстарды тазалыққа жауапты «Жасыл-Аймақ» серіктестігі бөлген техникалар арнайы қоқыс алаңдарына алып кетіп жатты.

fb_img_1617639378610

«Көктем», Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Сейфуллин орта мектептері, аурухана ұжымы қызметкерлері аулаларын сыпырса, енді бірде өткен жылдары отырғызылған көшеттердің түбін қопсытып жүрді.

fb_img_1617681192918

Сенбіліктің жүру барысын өз көзімен көрген аудан әкімінің орынбасары Ақтілек Мусағали сенбіліктің ойдағыдай жүріп жатқанын екпін түсіре атап өтті.

-Сенбілікте әр адам өз қалауымен шығу арқылы қоршаған ортаның тазалығына ерекше мән беріп жатады. Осындай үрдіс негізінде ұйымдастырылып отырған шараға белсенділікпен қатысып отырған мекемелер мен ұжым қызметкелеріне аудан басшылығы атынан ризашылық білдіреміз. Жоспар бойынша осы жолы әрбір мекемеге өз аумақтарын тазалау тапсырылды. Ал келесі сенбілікте аудандағы саябақтарға тиісті тазалық жұмыстары жүргізіліп, жаңа көшеттер отырғызылатын болады. Сол сенбіліктерде де тұрғындардың қатысу қарқыны жоғары болады деп есептеймін,-дейді ол.

fb_img_1617681167655

Бұл күні табиғат көзі ызғар тартқанымен тұрғындардың сенбілікке қатысу деңгейін төмендете алмады. Бұл ең алдымен өзіміздің қоршаған ортаға деген құрметтің белгісі болса керек.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз