Сенбілікке селқос қарауға болмайды

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында кенттегі мекеме, бөлім қызметкерлері Тайсойған көшесінің бойында арам шөптерді жұлу, қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Өкінішке орай, кейбір нысан иелері мен мекеме басшылары акцияға қатысуда сылбырлық танытып отыр.

Тазалық барысын аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзиннің өзі арнайы қадағалап, Президент тапсырмасы "Таза Қазақстан" акциясына салғырттық танытқан мекеме басшыларына ескерту жасады.

Алдағы уақытта сенбілікке селқос қарап, акцияға жөнді қатыспағандардан қатаң жауапкершілік сұралатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT