Сексендегі  тракторист

 

Бүгінде су тасқынының алдын алу үшін жас баладан еңкейген кәріге дейін жұмыла еңбек етуде. Осындай ел тағдыры сынға түскен сәтте, жарсуаттық Молдабай қарт шынжыр табанды тракторға қайта отырып, бөгет соғуда. Осыдан отыз жылдай бұрын ауылды судан қорғау үшін іргесін өзі тұрғызған бөгет бүгінде әбден отырып қалған екен. Қазір қайта қалпына келуде.
Бұрын совхоздың  тракторын жүргізген қартқа қазіргі заманғы алып техниканы меңгеру қиынға соқпақ түгілі оның құлағында ойнап жүр.
Жалпы Молдабай Берғалиевты ауыл жұрты қамқоршы да, ақылшы аға ретінде қадір тұтады. 
Өйткені ол кез келген уақытта халқының ортасынан табылып, бар көмегін аямайды. Бүгінде сол қалпы білекті сыбанып жіберіп, істің басында өзі жүр. 
Сексенге келсе де ел ісіне сергек қарайтын Құрмет белгісі орденінің иегері Молдабайдай көшбасы бар ауылдың да әр кез мерейі үстем болары сөзсіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521