Сексенде біздің сері аға

Бар өнегелі өмірін М.Сиранов атындағы орта мектепте ұрпаққа білім беру ісіне арнап, сол сіңірген еңбегінің арқасында «Қазақстанның білім беру ісінің үздігі» атанып, аудандық, облыстық марапаттарға ие болған ақын Жәкиев Ибрайым Жақияұлы сеңгірлі 80 жасқа толды.

Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов ұстазды мерейлі жасымен құттықтап, ел руханиятына қосқан еңбегіне ерекше тоқталып, аудан әкімі Серік Бисешұлының арнайы Құттықтау хатын тапсырды. Осы ыстық ықыласты толыстырған аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров та ақын ағаға деген жылы лебізін айтып, ақ ниетін білдірді.

Расында да И.Жәкиевтің жасынан өнер өлкесіне талпынып, өңірге өлеңмен шұғыла шашып, халықтың руханиятына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Әсіресе, сонау жылдары жайлау төріндегі шопандар тойында кеңшарлар арасындағы марқұм Мәжит Мұхтаров сынды серіктестерімен болған айтысты халық әлі күнге аңыз қылып айтады. Ал мазмұнды жыр-жинағы әдебиетсүйер қауымның іздеп жүріп оқитын қазынасына айналды.

Ж.ІСІМ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT