Саршұнақ пен тышқан көбейіп барады

-Біз тұратын Индербордың Подстанция аумағы тұсында соңғы жылдары жыңғыл көп өсіп кетті.

Ал оның арасының тазалығы көпшілікті қатты алаңдатса, бізді бүгінде тағы бір қолайсыз жайт мазалап жүр,-деп хабарласты редакцияға тұрғын Сахан Ермұқанбетов.

 Бұрынғы кездері тиісті орындар келіп, саршұнақтар мен тышқандардың індерін тексеріп, кенені жойып, бірқатарын улап жүретін. Бүгінде онымен айналысатын мекеменің бар-жоқтығын білгісі келеді.

-Балаларымыз табиғат аясында үнемі ойнап жүреді. Солардың денсаулығына зияны тие ме деп қорқамыз. Кене мен саршұнақ, тышқандардың денсаулыққа зиянды-зиянсызын білгіміз келеді. Олардың көптігі сондай балалармен бірге жүгіріп жүреді кейде. Осыған бір шарасы алынса екен,-дейді тұрғын.

Жазып алған

С.БИСЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT