Салынып жатқан жолды бүлдірушілер көп

Қазіргідей автокөлік қатынасы көбейген кезде жаяу адамның алаңсыз жүруіне, қауіпсіздік сақтауда жаяу жүргіншілер жолының маңызы зор. Индербор кенті ішінде былтыр біраз автокөлік және жаяу жүргіншілер жолы салынып, көшелер мен аулалардың көркі кіргеніне куәсіздер. Бұл игілікті жұмыс биыл да жалғасуда.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Ақесен Ибрагимовтан білгеніміздей, биыл салынып жатқан 14,9 шақырым жаяу жүргіншілер жолы кент ішіндегі бірқатар аймақты қамтымақ. Әсіресе, алғашқы кезекте тротуарлармен мектеп, бөбекжай, емхана сынды әлеуметтік нысандарға баратын және кент ішіндегі халықтың көп қозғалыс туғызатын аумақтары қамтылатынына аудан әкімі М.Қалауи баса назар аударған болатын.

Әттеген-айы халық игілігіне салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолына кедергісін де келтіретін жандар кездеседі екен.

-Күні кеше кенттегі Дәулетов көшесінде жаңа төселіп жатқан жаяу жүргіншілер жолының үстіне сол арадағы тұрғындар құрылысына әкелген ұлу тастарын түсіріп тастапты. Әрі салынып жатқан жолды жүк көліктерімен де кесіп өтіп, бүлдіріп кететіндер тыйылмауды. Оларды анықтап құқық қорғау органдарына беруге тура келуде. Сондықтан да тұрғындардың игілігі үшін жасалып жатқан жұмысқа түсіністік танытуға шақырамыз, - деді салалық бөлім басшысы Ақесен Камалиденұлы.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT