Салық төлеушілердің назарына!

2022 жылдың соңына дейін бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет

​Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) 2.0.2 нұсқасының хаттамасына қайта бағдарламалау қажеттігін еске салады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, модельдері БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ді қолданатын БАРЛЫҚ жеке және заңды тұлғалар 2022 жылғы

31 желтоқсанға дейінгі мерзімде барлық тіркелген БКМ-ді қайта бағдарламалау жөніндегі жұмыстарды аяқтауы қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2.0.2-ден басқа Хаттамаларға Фискалдық деректер операторлары (ФДО) қолдауын тоқтатады!

Осыған дейін салық төлеушілердің өтініштеріне байланысты деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау мерзімі 2022 жылғы 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін ұзартылған болатын.

 

  •  
  • Индер ауданы бойынша
  • Мемлекеттік кірістер басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз