Сайлау 2022: Саяси белсенділікті арттыру керек

Сайлау – еліміздің өркендеп өсуі мен қанатын кеңге жайып, келешек күніміздің жарқын болуы үшін керек.

Себебі ғасырлар бойы азаттықты аңсаған бабаларымыздың арман-тілегі енді орындалып жатыр. Дәл сол секілді болашағымыздың да баянды болуы бізге байланысты.

Дәл қазір ел жұртты 20 қарашада өтетін Президент сайлауы алаңдатып тұр. Өйткені бұл науқан көкірек көзі ашық әр қазақстанды толғандыратын мәселе. Әр адамзат өзі сүріп ортаған ортаның ыстығына күйіп, суығына төзгенде ғана елдің өркендеуі, мемлекеттің дамуы алдыңға орынға шығады. Сондықтан мемлекеттілігіміз үшін сайлауда дұрыс шешім қабылдау, дауыс беру аса маңызды.

ҚазақстанРеспубликасы қазір жаңа заман мен жаңа кезеңнің алдында тұр. Оның көркін кіргізіп, шырайын жандыру сіз бен біздің үлесімізде. Осы тұста айтатын жайт «бір ғана менің дауысым маңызды болмас» деуге болмайды. Күллі жұртшылық осы сайлауға белсенділікпен қатысуы керек.Әйтпесе бұл дәуірден де көше алмасымыз анық. Сондықтан бәріміз біріміз үшін сайлауда белсенділік танытайық!

А.Таубай

Сурет дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT