ҰРПАҚТАРЫ ТАҒАЙЫНДАҒАН ЖҮЛДЕ САЛТАНАТТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Аудандық «Дендер» газетінің 85 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыс жылдарындағы газеттің редакторы, КСРО Журналистер Одағының мүшесі Сүндетқали Ерғалиевтың атындағы «Жеңіспен келген бейбіт күн» тақырыбында өткен мектеп оқушылар арасында шығарма жазудан байқау өз мәресіне жетіп, бүгін марапаттау шарасы өтті.

Шараны бас редактор Жанай Амантурлин ашып байқаудың мақсатына тоқталып, көпшілікті редактор ағаның ұрпақтарымен таныстырды. Ал ағаның ұлы Серік Ерғалиев пен немересі Берік Серікұлы басылымды мерейтойымен құттықтап, өздері тағайындаған дипломдар мен бағалы сыйлықтарды жүлде иелеріне тапсырды. Байқауға келіп түскен отызға тарта шығарманы Қазақстанның Құрметті журналисі Сансызбай Базарбаев, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері Қымбат Кәрім сынды әділ-қазылар алқасы сараптап, қорытындысын шығарды.

Нәтижесінде Амандық Маратов (Қ.Есқалиев о/м 11 с/о) Бас жүлде иесі атанса, I орынды Әсем Ильяшова («Көктем» қ/о 8 с/о), II орынды Нәзік Мақсотова (Аққала о/м 11 с/о), III орынды Айшат Құбашева (Махамбет о/м) жеңіп алды. Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары Аружан Қибаш (Қ.Абаханов о/м), Ақмарал Болатова (Жамбыл о/м), Ақерке Сейсенбаеваға (Бөдене о/м) бұйырды. Шара соңында С.Ерғалиевтың ұрпақтарына редакция ұжымы ризашылығын білдірді.

«Дендер» - Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз