Өрлікке жол салына бастады. Ал оған қанша қаржы бөлінді?

Өрлік ауылына да 13587 метр көшеішілік автокөлік және 19724 метр жаяу жүргіншілер жолдарын салу басталды.

-Өрлік ауылының жол құрылысына биыл 200 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Жол құрылысы жұмыстарын АИС мекемесі жүргізуде. Қазір барлық қажетті техникалар жұмылдырылуда. Одан бөлек жолға «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 700 млн теңге қаржы бөлінуі жоспарда бар, - деген болатын аудан әкімі Салауат Өтеғұлов жақында өткен брифингте.

Ал Өрлік округінің әкімі Серік Сисатовты сөзге тартқанымызда: -Қазір мердігер мекеме ауылдағы Насырмолда, С.Әзмұханбетов, М.Сәрсенғалиев көшелерінен бастап, жолын қырып, қажетті материалдарын төсеп бастады. Жұмыс қызу жүруде, - деді.

Сондай-ақ, әкім ауылда бұған дейін спорт кешені пайдалануға берілсе, бүгінде мешіттің құрылысы жүріп жатқанын, су тазарту қондырғысының жөндеуден өтетіндігін және ауыл ішіндегі саябақтың, 2 шақырым көше жарығын және демеушілер көмегі арқылы балалар ойыны алаңын салу жоспарланып отырған жағымды жаңалықтарын атап өтті. Ал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Бауыржан Иманғазиев Индербор кентімен қатар Жарсуат, Құрылыс, Бөдене ауылдарындағы асфальт төселмей қалған көшелерге жаңадан жол құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттары жасақталып жатқанын қаперге берді. Сәтін салса жуық арада аудан елді мекендерінің барлық көшелеріне асфальт түсіп, халықтың тұрмыс жағдайы жақсара бермек.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521