Ризашылықтан ризық артады

«Әйіпқажы» мешіті жанынан құрылған «Иман жастары» еріктілері тобы Алғыс айту күніне орай кент тазалығының сақталуына атсалысып жүрген бір топ жұмысшыларға алғыс айтып, оларға ыстық шәй мен бәліш ұсынып, аз қамтылған 11 отбасыға азық-түлік пакеттерін тегін таратты.

Сондай-ақ Индербор кентіндегі 3 жалғызбасты қариялардың ауласындағы қалың қарды аршуға көмектесіп, қариялар оларға алғысын білдіріп, батасын берді.

Сонымен қатар бұл күні тегін такси қызметі де ұсынылды. Он көліктің жүргізушілері таңсәріден бастап, кент тұрғындарының қолдарындағы жүктерін көтерісіп, көліктеріне отырғызып, діттеген жеріне жеткізіп отырды. Сонымен бірге еріктілер тобы «Қайырымды шаштараз» жобасын жүргізді. Жалпы бұл жобада кенттегі «Gold Master» (А.Халелова), «Асыл Ана» (А.Төлеуғалиева), «Перизат» (П.Жиекенова), «Айнара», «Diamond» (А.Өшекенова) мен Бөдене, Жарсуат, Есбол, Өрлік, Көктоғай ауылдарындағы сұлулық салондары аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан балалардың шашын тегін қиып берді. Ол ай сайын жалғасын табатын көрінеді.

«Топтың алға қойған басты мақсаты – қайырымдылық жасау арқылы барша тұрғынды жақсылық жасауға шақыру, игі істің басынан табылуына жәрдемдесу, сол арқылы Алланың разылығы мен сауабын алу. Қайырымдылық тобы «Бар жақсылық балаларға!», «Ардагерлерімізді ардақтайық», «Қайырымды шаштараз» жобасынан бөлек тағы да басқа әлеуметтік жобаларды әзірлеу үстінде. Айта кетейін еріктілер тобы көп балалы ана Назгүлге баспана алып беру жолында жұмыстанып жатыр»,-дейді «Әйіпқажы» мешіті жанынан құрылған «Иман жастары» еріктілері тобының жетекшісі Амандос Төлебаев.

Тағы бір жағымды жаңалық аптаның алғашқы күні мұқтаж жандарға қамқорлық таныту жолындағы жұмыстары үшін «Иман жастары» еріктілері тобы ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қорының директоры Дариға Назарбаеваның Алғыс хатына ие болды.

Диас АЙБАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз