Әріптестік кездесу өтті

Әріптестік байланыс мақсатында Батыс Қазақстан облысына жасаған сапарында Атырау облыстық бас редакторлар клубының төрағасы Жанай Амантурлин "Жайық-Пресс" ЖШС-де болды.

Клуб төрағасын серіктестік директорының орынбасары Дархан Оразов қарсы алып, бас редакторлар бір үстел басында әңгіме өрбітті. Онда алда қабылданар БАҚ туралы заңда журналистің мәртебесі айрықша белгіленуі, құқықтарының қорғалуы және өзге де жайлармен қатар Орал өңірінде де бас редакторлар клубын құру жөнінде ой тасталды.

Еркін жүздесуде облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газетінің бас редакторлары Бауыржан Ғұбайдуллин мен Тоқтар Кенжеғалиев ақпарат саласы, ондағы қордаланған мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті. Әсерлі кездесу соңында Д.Оразов Атыраудан әріптестерін іздеп келген мейманға серіктестік атынан ризашылығын білдіріп, бұдан әрі тығыз байланыста болатындықтарын айтты.

Осылайша бұрынғының ізімен ақ жолға айналған Атырау мен Оралдың арасында әлі талай жарқын жүздесулер болары сөзсіз.

А.Бокирова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521