Республика жыраулары Индер ауданында

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архив, құжаттама басқармасының тапсырысы бойынша ҚР Жазушылар одағының Атырау филиалы Индер ауданында 20 наурызда «Жырым жетсін жалпыға» атты республика жыршыларының байқауын ұйымдастырылды.

Байқауда Махамбет, Абыл ақындармен замандас, осы топыраққа табаны тиген дара Шынияз Шанайұлының 200 жылдығына және ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген жырларымен танылған Мұрат Мөңкеұлының ұстазы Есет биге, ақпа ақындық дәстүрді жалғастырған Насихат Сүгірұлының 130 жылдығына арналып, олардың жырларын орындаудағы шеберліктерін сынға салды. Байқауға Астана, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Атыраудан келген 17 жыршы қатысты.

Аудан әкімі М.Қалауи мен ҚР Жазушылар одағының Атырау филиалы төрағасы Қ.Жылқышиев игі тілектерін арнап, сәттіліктер тіледі. Байқауды дарынды жыршы, Махамбет атындағы жыршылар додасының бас жүлдесінің иегері Амандық Көмекұлы жүргізді.

Индер ауданы халқы атақты Алмас Алматов, Айгүл Елшібева, Елмұра Жаңаберген, Өсірбай Сәрсенбаев, Жеткізген Сейітов сынды көптеген даралармен бірге жаңадан шығып келе жатқан жастардың өнерін де тамашалап риза болысты.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521