РЕСЕЙДІҢ КӨРШІЛЕС ВОЛГОГРАД ОБЛЫСЫ ВОЛЖСКИЙ ҚАЛАСЫНДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ.
АЛЫП ЕЛДІҢ ПАЛУАНДАРЫ БАС ҚОСҚАН БӘСЕКЕДЕ ЖАРСУАТ АУЫЛЫНЫҢ ПЕРЗЕНТІ АРМАН МЕДЕТҰЛЫ ДА БАҚ СЫНАП, КҮМІС ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ. ЖАС ПАЛУАН – ОСЫ АУЫЛДАҒЫ МАХАМБЕТ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ.
– Шәкіртімнің болашағы зор. Ол кеше әріптесіміз Ақан Амановтың турнирінде күміс жүлдені ұтса, бүгін тағы да жеңісті жолын жалғастырып отыр. Бізді ауылға келген бойда спорт мектебінен шәкірттерімнің ата-аналары күтіп алып, құрмет көрсетті. Ауылдың ақсақалы Молдабай Берғалиевтің ақ батасын алды, – дейді аудандық балалар спорт мектебінің Жарсуат бөлімінің бапкері Дархан Ізмұханов.
С.БАЗАРБАЕВ
Индер ауданы