Редакция алғашқы ағашын отырғызды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының 7-ші бөлімінде еліміз бойынша 2 млрд ағаш отырғызу туралы тапсырма бергені белгілі. Ол әрине, әсіресе арнайы алқаптарды орманға айналдыру аясында жүзеге асады. Дегенмен бұл бастамаға әр адам өз үлесін қосу керек екені сөзсіз.

Жақында аудандық «Дендер» газеті редакциясы да жаңа ғимараттың алдына алғашқы талдарын отырғызды. Бұл «Менің атаулы ағашым» акциясына редакция ардагерлері Қазақ журналистикасының қайраткерлері Кеңес Сахи және Сүйеу Халықов ағаларымыз бен Маргарита Бозаева, Төлеу Ербөлекова, Ақбілек Бектұрлиева апаларымыз арнайы қатысып, өз қолдарымен ақтерек отырғызды. «Тамыры тереңдеп, жапырағы жайылып бәйтерекке айналсын» деп ақ баталарын берді.

«Бір тал кессең он тал ек» деген қайткенде де қоршаған ортамызды гүлдендіру өз қолымызда. Өйткені ағаштан артық ауа тазартқышты қайдан табасың.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT