ӘРБІР БЕЙСЕНБІ – "АТА-АНАЛАР КҮНІ"

Индер көпбейінді ауылшаруашылығы колледжінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Алдымен сөз алған оқу орны директоры Бағытжан Құнас ұрпақ тәрбиесіне бағыталған іс-шаралар жоспарының орындалысын баяндап өтті. 

Колледжде күні бүгінге 8 мамандық бойынша 203 студент білім алып отыр. Оның ішінде 35 студент жатақханамен қамтамасыз етілген. Алпыс тоғыз студент көршілес облыс, аудандардан келген.

Колледждің тәрбие жұмысының мақсаты  – жас ұрпаққа патриоттық, рухани-имандылық, ұлттық сананы бойына сіңірген, өз бетімен шешім алып, дамуға, жетілуге қабілетті, өзіндік сыни көзқарасы бар тұлға қалыптастыру. Тәрбие жұмысы жаңа идеялар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға бағышталған. Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасын басшылыққа ала отырып, әр бағыты бойынша  тәрбиелік шаралар ұйымдастырылады. Колледж студенттері ұйымдастырылған шараларға белсенділікпен қатысып, әр оқу тобында топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен кестеге сай тәрбие жұмыстары ұйымдастырылуда. Мерекелік шаралар, дөңгелек үстелдер,  пікір таластар,  тренигтер мақсаттарына сай бағышталып  өткізілуде.

Студенттермен кері байланыс, олардың колледж басшылығына жеке өтініштері арқылы, топ жетекшілер арқылы, студенттік ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Білім алушылардың жеке  әуелетін ашу, бос уақытын ұйымдастыру үшін жағдай жасау, олардың үлгерімін жақсартып, өмір сүру дағдысын дамыту, толерантты мінез-құлықты тәрбиелеу бойынша қолдау мен кеңес беруді қамтамасыз ететін құрылымдармен жабдықталған.

Тәрбие жұмысының құрылымы колледждің жалпы ұйымдастыру құрылымының бір бөлігі және педагогикалық ұжым мен студенттер ұйымымен байланыстыратын бірыңғай жүйе болып табылады. Мәселен, әлеуметтік-психологиялық қызмет, топ жетекшілері кеңесі, студенттік және қоғамдық ұйымдар, қыздар кеңесі мен ата аналар комитеті, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес пен спорттық секциялар жұмыс жасауда, – дейді  Бағытжан Ниетқалиұлы.

Сонымен қатар, колледжде жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін үйірмелер мен клубтар, «Ақ қауырсын», «Жас үй иесі», «Жас техник», «Дельфин» әскери-патриоттық клубы, «Ақбаян» қыздар клубы, Дебаттық клуб, «Саналы ұрпақ» клубы жұмысы бір іздендірілген екен.

Студенттерге мамандықтар бойынша 40 педагок дәріс берсе, оның ішінде 34-і жоғары білімді, 6-ы аурнаулы орта білімді мұғалімдер болып табылады.

Студенттердің белсенділіктері  уақыт өткен сайын артып келеді. Яки, Атырау қаласындағы «WorldSkills Atyray-2022» өңірлік чемпионатына «Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша ұйымдастырылған байқауға Досжан Қуанышұлы мен Ермахан Жеңісұлы қатысып, «Үздік маман» атанған. Ал, «Графикалық дизайн» құзіреттілігі бойынша Арсен Кусанов алғыс хатпен марапатталып, жетекші оқытушы Абылайбек Халықов, өндірістік оқыту шебері Айнұр Асқарова сарапшы сертификаттарына ие болыпты.

Жуырда студенттердің дауыс беруі нәтижесінде «Ауыл шаруашылығын механикаандыру» мамандығы бойынша ІІ топта білім алатын студент Райымбек Сансызбаев студенттік парламент президенті болып сайланыпты.

Ал ата-аналармен тұрақты байланыс орнату үшін әр аптаның бейсенбісі «Ата-аналар» күні болып бекітілген екен.

Жиын соңында жаңадан ата-аналар комитетінің төрағасы болып ата-ана Гүлзада Тасыбаева бірауыздан сайланып, комитет мүшелері жасақталып, іс-шаралар жоспары бекітілді.

С.КӨШЕКОВ

whatsapp-image-2022-10-20-at-11_12_54

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521