Құрбан айт қай күнге белгіленді?

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Құрбан айт мейрамы 11-ші тамыз күні басталатынын хабарлайды.

Астрономиялық тұрғыдан Айдың тууы бейсенбіге, яғни, 1 тамызға сәйкес келеді. Ал, 2 тамыз зулхиджа айының бірінші күні болып саналады. Арапа күніне келсек, бұл атаулы күн 10 тамызға сәйкес келіп тұр. Жағдайы бар мұсылманның құрбан шалуы – уəжіп (міндет). Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Құрбандық малы айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалынады. Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT