ӘР ІСКЕ ЖАНАШЫР КӨЗҚАРАС ҚАЖЕТ

Күні кеше ғана жария болған "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты халыққа Жолдауында Президент Қ.К.Тоқаев: "Үкімет мүшелері, әкімдер, депутаттар және барша қоғам өкілдері әрдайым отаншылдық идеясына адал болуға тиіс. Әр іс елге жанашырлық ниет пен жасалуы керек.

Әрбір қадамымыз елге пайдасын тигізуі қажет",-деген тұжырымды қағидатын бүгінде қолдамайтын жан кемде-кем. Сонда ғана Отанымызға да, отбасымызға да пайдамыз тиері хақ. Мұны біздің саналы қоғамымыздың алдыңғы легіндегі аудан ардагерлері, барша олардың өкілдері де бірауыздан қолдап, өзіндік белсенділіктерімен, істерімен үлестерін қоса білулері керек-ақ. Онсыз ел экономикасыны ғайып, халқымыздың тұрмыс сапасы жоғарылап, ұрпағымыздың тәрбиесі мен білімі, келешегі еш көркеймесі анық. Сондықтан да аудандағы ардагерлердің бастауы ш ұйымдарында қыркүйек айынан басталған есеп беру-сайлау жиналыстарында үлкендер жағы алдымен осы Жолдаудың негізгі тұжырымдарымен оқып, тереңдей танысып, оны насихаттаудың шараларын алғандары да өте орынды болар еді.

Жалпы бастауыш ұйымдар басшылыққа алатын арнайы Ережеде де осы мәселе олардың мақсаты мен міндеттерінде атап көрсетілген. Атап айтқанда: *қоғамда бірлікті, келісім мен тұрақтылықты нығайту жөніндегі жұмысқа қатысу; *ардагерлердің материалдық және тұрғын үй жағдайын, оларға қызмет көрсетудің мәдени - тұрмыстық, медициналық және басқа түрлерін жақсартуға жәрдемдесу; *мемлекет алдында айрықша еңбек сіңірген ардагерлерді және Отан қорғаушыларды ұлықтау шараларына қатысу; *ардагерлердің жастарды аға буынның жауынгерлік және еңбек даңқы дәстүрінде, ата - бабаларымыздың озық халықтық дәстүрінде тәрбиелеуіне, олардың бойына қазақстандық патриотизмін егуге қатысу деген бұлжымайтын талаптары бар. Осы тұрғыдан алғанда Құрылыс ауылдық бастауыш ұйымының төрағасы Сағынтай Керешовтың соңғы үш жылдағы атқарған жұмыстары тыңдалып, оң бағаланғанын атап көрсеткіміз келеді.

-"Біріңді қазақ, біріңді дос көрмесең істің бәрі бос" деген ұлы Абайдың пікірі әлі өзекті болып отыр. Мен зиялы қауым және ардагерлердің бір-біріне әрдайым тілектес болғанын қалаймын. Өзара жанашыр болу, түптеп келгенде, елге жанашыр болу деген сөз. Сондықтан да зиялы қауым мен ардагерлер алдымен еліміздің бірлігін нығайтуға баса назар аударуымыз қажеттігін тағы баса айтқым келеді",- деген төраға осы бағыттағы есепті кезеңдегі көптеген оңды істерін баяндап берді.

Аталған ұйымда бүгінде 55 ардагер есепте тұр. Олардың көпшілігі ел мүддесін бәрінен биік қойып, ізіне ерген іні-сіңлілеріне ізетін аямай, ұрпағын аялап өсірген, бір қауым елге бас-көз болып, ақыл айтып, салт-дәстүрді сақтап, дамытып отырған қарапайым ауылдың сыйлы қарттары мен әжелері екендігін де ерекше атаған дұрыс. Онысын біз бастауыш ұйымның белсене қатынасымен ауылдағы мәдениет үйі мен мектепте өткен "Қарттарын қадірлеген ел ардақты", "Қарттарымасыл қазынам","Алтын Орда мемлекетіне-750 жыл", "Алтын Орда – ұлық ұлыс", "Тәуелсіз елдің жасампаз ұрпақтары", тағы да басқашараларға үлкендермен қатар жастардың, оқушылардың көптеп тартылуынан аңғарамыз. Бұл арада біз бұл ауылдағы әрбір өткен мәдени тағылымдық, патриоттық бағыттағы шаралардың көпшілігі әлеуметтік желілерде жария болуымен бірге, аудандық "Дендер" газеті арқылы да көпке жеткізілуінде төрағаның жеке белсенділігі ерекше рөл атқарды. Сонымен бірге бұл шараларда жастар, жас көркемөнерпаздармен қатар, үлкендер, әжелер ансамблі де сахнаға жиі-жиі көтеріліп, қазақтың дәстүрлі әндерін орындап, күй тартып, асық атып, ләңгі тебуді насихаттаулары жарасымды үлгі етер шаруалар.

Жалпы есепті кезеңде ауыл ардагерлері Қамқа Жаңбырбаева, Баян Керешова, Аяпберген Рысбай, Тамара Тәженова, Орын Жетібайқызы, Зәуре Нығметқызы, Оразбай Садиров, Гүлайым Төлегенова, Ақкенже Сұлтанова, Мария Үмбетова, Есенғали Бектұрсынов, Жеңіс Бегалин, Слуша Өтешова, тағы да басқа көптеген аға буын өкілдерінің есімдері жиі аталынуының өзін үлкен жетістік санаймыз. Ауылдағы қайырымдылық шаралардың жиі өтуі , "Мектепке-жол" акциясына үлес қосу, тазалық пен жасыл желекті қорғау, су тасқыны кезіндегі жұмыстарға атсалысу, тағы да басқа аталар мен әжелер үлесін қосқан оңды шараларды салмақтағанда бәрінен де алдымен тәрбиенің сарабдал ізі анық аңғарылады. Сондықтан да бастауыш ардагерлер ұйымының есеп беру-сайлау жиналысында сөз алған еңбек ардагерлері Жаңыл Сұлтан махмұтова, Қамқа Жаңбырбаева, Сұлуша Өтешова, Зәуре Нығметова, Тамара Тәженова, Аманқос Жапаров, тағы басқалары осы жайды ерекше назарда ұстап, төрағаның жұмысына лайықты баға беріп, алғыстарын жаудырды.

Жиналысқа арнайы қатынасқан ауылдың белсенді мұғалімі Нұрбек Қадырымбетов пен Жарсуат ауылдық округі әкімі Ербол Бөкеев те бастауыш ұйым жетекшісінің елгезектігіне, "Ауылына қарап – азаматын таны" дегендей, тапсырылған жұмыстарға ұдайы жоғары ж а у а п к е р ш і л і к п е н қ а р а п к е л г е н д і г і н а й т ы п , и г і тілектерін жеткізді. – С і з д е р а р д а г е р л е р ұ й ы м ы н а , о н ы ң т ө р а ғ а с ы атына ыстық ықыластарыңызды б і л д і р і п , о й л а р ы ң ы з д а жүрген алуан пікірлеріңізді ортаға салдыңыздар. Төраға С.Керешов әрбір жиналысқа, к е з д е с у л е р г е қ а т ы н а с ы п , х а л ы қ т ы ң к ө к е й к е с т і м ә с е л е л е р і н ә к і м ш і л і к к е ж е т к і з і п , т ы ғ ы з б і р л і к т е жұмыс жасадық. Сол үшін де зейнеткер ағама белсенді жұмысы үшін алғысымды айтамын.

Алдағы уақытта да барлық пікір-тілектеріңіз ескеріліп, тиісті шаралар алынатын болады,–деген округ әкімі жаңа сайланатын құрам жұмысына сәттілік тіледі. Көпшіліктің ұйғарымы бойынша ауылдағы бастауыш ұйымның төрағалығына еңбек ардагері Аманқос Жапаров, орынбасары болып Гүлайым Төлегенова сайланды. Дәл осындай есеп беру-сайлау жиналысы Елтай округіне қарасты Индер мұнай айдау стансасындағы ардагерлер ұйымында да өтіп, онда төраға Н.Далабаев қайтадан сайланды. Сөз соңында қыркүйек-қазан айларында өтетін бұл есеп беру-сайлау жиналыстарында алдымен төрағаларды іскерлік, жауапкершілік танытуға, ал, ардагерлер мен жергілікті б и л і к , қ о ғ а м д ы қ ұ й ы м д а р өкілдеріне оған белсене атс а л ы с ы п , ө з д ә р е ж е с і н д е ұ й ы м ш ы л д ы қ п е н ә д і л д е ашық өтуіне үлестерін қосуға шақырамын.

С.ХАЛЫҚОВ,

аудандық ардагерлер

кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521