ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Бас прокуратураның түсіндіруіне және әкімшілік ықпал ету шараларына қарамастан, жекелеген адамдар, соның ішінде шетелден әлеуметтік желілер арқылы халықты алдағы мерекелерде заңсыз митингілерге қатысуға шақыруды жалғастыруда.

Бұл адамдар «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңның (бұдан әрі - заң) талаптарын айқын бұзуда.

Атап айтқанда, жоспарланған митинг туралы хабарланғанға дейін ұйымдастырушылар белгіленген күнге дейін 10 күн бұрын жергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініш бермеген.

Онда олар: іс-шараның мақсаты, нысаны, өткізілу орнын немесе қозғалыс бағыттарын, оның басталу және аяқталу уақытын, қатысушылардың болжамды санын, ұйымдастырушылардың және қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың сауалнамалық деректерін көрсетілуі тиіс болатын.

Бұл міндетті талаптар акция қатысушыларының өздерінің, сондай-ақ басқа да азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана бағытталған.

Сонымен қатар, рұқсат алғанға дейін ұйымдастырушы мен басқа да тұлғалардың митинг туралы жариялауға, оған қатысуға шақыруға, сондай-ақ осы мақсатта парақшалар, плакаттар және басқа да осындай материалдарды дайындауға және таратуға құқығы жоқ екеніне назар аударамыз.

Басқаша айтқанда, 16 желтоқсанда заңсыз акцияларды ұйымдастырушылардың іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы – бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнаманы бұзу).

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылық туындайды (қылмыстық кодекстің 400-бабы – санкцияланбаған акцияны ұйымдастыру не оған қатысу, егер олар елеулі залал келтірсе).

Әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар осындай акцияларды қолдайтын адамдарға қатысты да бірдей дәрежеде қолданылатын болады.

ҚР Бас прокуратурасының сайты

 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика