АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық шаңғы федерациясы (FIS) шаңғы жарысы және шаңғы спортының басқа түрлері бойынша 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін елдерге берілген лицензиялардың нақты санын жариялауға дайындалып жатыр.
FIS әлем чемпионатының нәтижелері бойынша квоталарды таратқанымен, әр ел жарысқа қатысатын спортшылардың жеке тізімін өздері жасайды. Щучьеде өткен Қазақстан кубогының қорытындысына сай шаңғы жарысы бойынша ұлттық құрама іріктелді.
– Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина және Анна Мельник Милан мен Кортина-д'Ампеццо Олимпиадасында өнер көрсетеді, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2026 жылғы қысқы Олимпиада бағдарламасында қандай өзгерістер бар екенін хабарлаған едік.
https://kaz.inform.kz/news/kiski-olimpiadaga-katisatin-kazakstandik-shangishi-kizdardin-esmder-belgl-boldi-315496/


