Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов жұмыс сапарымен Индер ауданында

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов жұмыс сапарымен ауданымызға келді.

Халық қалаулысының алдымен аялдаған жері республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының қазіргі ахуалымен танысудан басталды. Тас жолдың ауданға қарасты бөлігінің қазіргі ахуалы көңіл көншітпейді. Сонымен қатар мәжілісмен Индербор кентіндегі құрылысы тұаралап қалған 300 мектеп гимназия мен 200 орындық интернат алаңын танысу мен жалғасты. Көпшілік асыға күткен білім ордасының қазіргі жай-күйі барша индерліктерді алаңдатып отырғаны айтылды. 

Мұнан соң депутат Дүйсенбай Нұрбайұлы республикалық "АMANAT" партиясы Индер аудандық филиалының ғимаратында тұрғындарды жекелеген мәселелер бойынша қабылдап, көтерілген ұсыныстарды заң аясында шешу жолдарын қарастыруға уәде берді.

 

С.КӨШЕКОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT