Әрқайсысына 29000 теңге төленді

Аудан бойынша пробация есебінде тұрған 9 азамат аудандық жұмыспен қамту орталығының есебіне алынған.

Олардың ішінде, 4-і жұмысқа орналасса оның ішінде 2-і тұрақты, 1-і ақылы қоғамдық жұмысқа жолданса, 1-і «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіп меңгеруге ынталылық танытқан. Жұмыссыздардың ішінде 2-і ұсынған жұмыстан бас тартқанын айтады аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Ажар Серікқалиева.

Салалық бөлім басшысының сөзінен ұққанымыздай аталған азаматтардың әлеуметтікқұқықтық көмек көрсету туралы бағдарламасына сай жағдайы төмен 6 азаматқа әрқайсысына 29000 теңге төленді. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 3 адамға кепілдендірілген азық-түлік тұрмыстық жиынтығы және 2 адамға демеушілер есебінен азықтүлік берілген. Ал 1 азаматқа «Еңбек» бағдарламасының 2 бағыты бойынша 583,0 мың теңге көлемінде грант бөлінген көрінеді. Ендігі жерде аталған азамат өз кәсібін ашуға жұмыстанып отыр. Жалпы өткен жылы 21 адамға, биылғы жылдың 8 айында 19 азаматқа әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген екен.

С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT