ҚОС СӘБИГЕ - ҚОС ДОМБЫРА

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Ұлттық домбыра» және «Ел жүрегі-елорданың туған күніне» орай Индер аудандық перзентханасында дүние есігін ашқан қос бүлдіршінге домбыра тарту етілді.

Былтырдан бері республика көлемінде дәстүрге айналған бұл акция биыл да жалғасын тауып, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы Жеміс Тілепқалиева, аналар кеңесінің төрағасы Светлана Жанғалиева, "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аудан бойынша сарапшысы Көркемай Каусовалар мереке қарсаңында дүниеге ұрпақ әкелген аналарды құттықтап, гүлшоғы мен әр шаңырақтың төрінен орын алатын қасиетті домбыраны сыйлады.

d

- Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Осылай еліміздің демографиясына үлестеріңізді қоса беріңіздер. Көрінген ұрпақтардың қызығына бөленіңіздер, - деп тілек білдірді Ж.Базарғалиқызы. Балалардың бауы берік болсын дескен аналар кеңесінің төрағасы қазақтың ырымы бойынша босанған келіншектерге дәм ұсынды.

c

Ал, көпбалалы ана атанып отырған есболдық Гүлден Досқалиева өзінің өмірге қыз әкелгенін, бұл отағасы Дархан Қасанов екеуінің төртінші перзенттері екенін, қасындағы бөлмелес құрбысы индерлік Гүлмира Ділмұханова да ұлды болғанын айтты.

Айта кетейік, жыл басынан бері ауданда 101 бала өмірге келген.

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз