Қомақты мәселелер қамтылды

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутығына кандидаттар Бағдат Сапаров, Анар Доспаева, Ақмаржан Мырзағалиева, Әлия Қарашина тұрғындармен кездесті.

Жаңа мәдениет үйінде өткен кездесуде кандидат, «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты аталмыш партияның сайлауалды бағдарламасынан бастап, аудан халқын азық-түлік тауарларымен тұрақты қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Әсіресе, пандемия кезінде бұл өзекті мәселе болары айдын анық.

- Ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақтандыру, ол үшін аудан орталығынан халықтың және шаруа қожалықтардың өнімдерін өткізуге арналған сервистік дайындау – өткізу орталықтарын ашу, негізгі баға өсімін болдырмау мақсатында жыл сайын кемінде 32 кәсіпкерлік нысандарымен меморандумдар жасақтау көзделген, - деді ол.

Сондай-ақ ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда көкөніс сақтау қоймасын ашу, мал басының өсуі, ауыл шаруашылығы өнімін шығаруды ұлғайту, асыл тұқымды мал шаруашылығын ашу сынды мәселелерге тоқталды. Аудандық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаева еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан өңіріміздің интерндері мен резиденттерін жұмысқа орналастыру, жыл сайын жас мамандарды ауылдық елді мекендерге тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік көмектерді кеңейту, сонын ішінде, баспанамен, балабақшамен және тағы басқа көмектермен қамту, дәрігер тапшылығын шешу мәселелеріне тоқталды.

-Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын 60 медициналық қызметкердің оқыту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тұрғындарды жыл сайын скринингтен уақтылы өткізіп, аудандық ауруханасының тоқ генераторын іске қосу жоспарлануда. Жоғарыдағы іс-шаралар жалпы халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсартып, өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа арттыруға мүмкіндік береді, - деді ол.

Кандидаттыққа түсіп отырған аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Қарашина және кәсіпкер Ақмаржан Мырзағалиева партияның кәсіпкерлік саласының дамуына оң ықпалын атап өтті.

Мысалы, ауыл бизнесін дамыту мақсатында «Бизнес-Аймақ» өңірлік бағдарламасы шеңберінде 38 жобаны несиелендіруге, оның ішінде мейрамхана құрылысы, жүк тасымалдау қызмет көрсету кешені, дүкен құрылысы, шаштараз, асхана құрылысы, жылыжай, кафе, автокөлікке қызмет көрсету орталығы бар.

Нәтижесінде, 2025 жылға дейін жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны артылмақ, әрі жұмыс қолы да көбейе түсетіндігін және кәсіпкерлік саласындағы тағы басқа мәселелер бойынша тоқталып өтті.

С.БАЗАРБАЕВ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Индер ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT