Қарт кеншінің «Құпия кәсіпорыны»

Әдетте қолына қаламнан гөрі мамандығына сай өзге құрал-жабдықтарды ұстап, өмірде пешенесіне жазылған тірлікпен айналысқандар арасынан 90 жастағы ауданның Құрметті азаматы Есенияз Төремұратовтың кітабы шыққаны ерекше қызықтырып, көп назарын өзіне аудартты.

Бұл ерекше оқиға саналатын құбылыстың иесі, белсенді авторымыз Есенияз Төремұратовтың "Құпия кәсіпорын" атты кітабының қолға тигеніне өзге түгілі өзі ерекше қуанғаны содан. Себебі бұл қуанышты сәтті қарт кенші 10 жылдың үстінде күткенін біз жақсы білеміз. Оның мына қарбаласы көп өмірде дәлелді-дәлелсіз себептері де аз емес.

Жақында аудандық орталық кітапхана ұжымы (директоры Дина Аренова) осы жаңа кітаптың тұсаукесерін өткізіп, онда аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов сөз алып, осы жайларға тоқталып, авторға игі тілектерін арнады. Мұндай тілекті және кітаптың шығу тарихын әңгімелеген аудандық "Дендер" газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин де алға тартты.

20210309_103815

Бүгінде аудандағы өндірістік орындар тізбесінен жойылған кеніште жұмыс жасаған кеншінің өкілі Клара Иманғалиева да әріптесінің жанкешті еңбегіне ризашылығын білдіре тұра көптеген жайды еске алды. Шындығында қарапайым кеншінің жасы егделігі, жұбайының сырқаттануына да мойымай, 60 жылдан астам осы өңірдің байлығын игеріп, ел қадесіне жаратқан бұрынғы кеншілер туралы естелік жазуы, сол бір асыл жандарға орталықта мрамордан ескерткіш орнатуымен тұражақ, ерлікпен пара-пар іс. Ал сол ардагер кенші-геолог, бұрғышылар, басқаларының еңбектерінің жемісін теріп, бүгінде де пайдаға жаратып жатқандар өз нәтижелерін өздері жаза жатар.

Оның жайын "Құпия кәсіпорын" атты кітаптың тұсауын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтеп Нұриев пен журналист Сүйеу Халықов кескен соң сөз алған автор Есенияз Төремұратовтың өзі әңгімелеп берді.

Аз-мұз зейнетақысын үнемдеп, сонау 1935 жылдан күні бүгінге дейін кен қопарған қарайған жанның ұрпақтары бүгінде авторға хабарласып, алғыстарын да жаудырып жатқан көрінеді. Мұны да қарапайым қарт кенші еңбегінің жемісі десек болады.

Өз ата-бабаларының сол қиын да қызықты еңбегін оқып біліп, тағзым етуіне жұмсаған қарттың бұл кітапқа енбей қалған деректері де аз емес екен.

Оның бірі осы іргелі кәсіпорынның барлық ішкі қажетті мамандық иелерін (эксковатор машинисі, бұрғышы көмекшісі), тағы басқаларын бағыныста болған Мәскеуде емес, өздері дайындаулары, халықтар достығы, жастарға Мәскеу, Саратов, Самарада оқуы үшін жолдамалар беруі, соғыс мүгедектерінің ерлікке тұражақ еңбектері туралы айтса ертегіге ұқсайды.

20210309_103914

Қарапайым қыр қазағынан күрделі техника штурвалына отырып басқаратын бесаспап маман дайындауды жолға қойған кәсіпорынның барлық техникасын айтпағанда, тәжірибесі мен оқыту құрал-жабдықтарының белгілі-белгісіз жағдайларда жойылып кетуінің де астарында үлкен сыр жатыр...

Ал бүгінгі Президенттің өз тарихымызға шынайы көзқарас таныта қарап, олар туралы шындықты шымырқандыра жазу осы Есенияз қарттар сияқты белсенді, өмірлік көзқарасына бекем жандарға қаратып айтылғандай. Сол үшін де аға еңбегіне тұсаукесерге қатысушылар риза болысты. Ал өз қалтасынан шығарған кітабын қарт кенші кітапханалар мен жекелеген тұрғындарға қолтаңбасын қойып, үлкенге тән мәрттікпен тегін таратты.

С.БИСЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521