Қарт геолог сайлауға келді

Индербордың Барлаушылар бөлігінде орналасқан №110 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қатары көп екен.

Олардың арасынан таяғына сүйене бюллетенін сайлау жәшігіне салып жатқан атақты геолог, академик, Индер ауданының Құрметті азаматы Хасан Қамашевты кездестірдік.

- Көптен аяғымды баса алмай қалып үйден шықпайтын едім. Жас 87-ден асты ғой. Сайлау күні үйде тыныш жата алмай, даусымды берейін деп шықтым. Бұл менің азаматтық парызым ғой. Әрі бой жазып, жерлестерімді көріп бір марқайып қалдым, - деді ол.

img-20210110-wa0100

Ал кент тұрғыны Аққаным Мұханбетқалиева отбасымен келіп дауыс беруде екен.

-Бүгін қызым Альбинаның туған күні де сайлау күнімен қатар келіп жатыр. Таңертең ертемен шығып, қызыма сыйлығымды алып, осында келіп азаматтық парызымыз ретінде дауысымызды берудеміз. Индеріміздің қайта көркейіп жатқанына ризамыз, - деді ол көңілді кейіппен.

img-20210110-wa0101

img-20210110-wa0102

-Учаскеде негізі 1886 сайлаушымыз бар. Оның ішінде денсаулығына байланыс келе алмай отырған 116 адамға дауыс беруіне сайлау жәшігін тасымалдап апарамыз. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Әсіресе сағат 10-11 аралығында сайлаушылардың қатары көп болды. Мүмкіндігінше барлық санитарлық талаптарды сақтаудамыз, - деді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айман Меңдігереева.

С. Базарбаев 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521