Прокуратурамен кәсіпкерлердің қорғау шарасы жүргізіледі

ПРОКУРАТУРАМЕН КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОРҒАУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және оларға мейлінше заң шеңберінде қолдау көрсету прокуратураға жүктелген басты міндеттердің бірі. Халыққа жақын, естуші мемлекет қағидасы аясында а.ж. 2-3 шілде аралығында аудан прокуратурасы аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қадағалау аумағында кәсіпкерлікті жүзеге асырып отырған шаруа қожалықтарына шығып, бару арқылы  қолдау және құқық қорғау іс-шарасын бірлескен түрде өткізді. Аталған бастаманың негізгі мақсаты аудан орталығынан қашықта орналасқан кәсіпкерлердің уақытын үнемдеу, мәселерлерді туындау орынында көру, талқылау және шешу жолдарын бағамдау, кәсіпкерлерден туындаған сұрақтарға заң түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұл бастама аясында Индер ауданының Көктоғай және Өрлік ауылдық округтерінде қарасты жалпы  ұзындығы 295 шақырым жол бойында шалғай орналасқан 17 кәсіпкерлік нысаны қамтылды. Шара барысында  кәсіпкерлікпен қатар қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы соның ішінде жымқырудан, мал ұрлығынан сақтандыру жөніндегі ұсынымдар шаруагерлер назарына жеткізілді. Тектес бірлескен шаралар ауданның өзге окургтерінде  жалғасын табады және кәсіпкерлер құқығын қорғау, туындаған мәселеге дереу заңды ықпал ету аудан прокуратурасының басты назарында. Индер ауданының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз