Президенттікке кандидаттардың теледебаты қашан өтеді

ҚазАқпарат – Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың теледебаты 11 қарашада «Хабар» телеарнасында өтеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 қарашада біз «Хабар» телеарнасында Президенттікке кандидаттардың қатысуымен телевизиялық дебат өткізуді жоспарлап отырмыз. Кандидаттар мен олардың штабтарының толық дайындалу мүмкіндігі болуы үшін біз бұл туралы ертерек, сайлауалды үгіт-насихат басталған сәтте жариялап отырмыз», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сонымен бірге, ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова түсіндіргендей, Президенттікке кандидаттар сайлау алдындағы пікірталастарға қатысуға құқылы.

«Сайлауалды пікірталастарды өткізу тәртібі мен шарттарын Орталық сайлау комиссиясы айқындайды», - деді ОСК мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз