Патриоттығын танытып, жүлдегер атанды

Ұлы Жеңістің - 75 жылдық мерекесі қарсаңында Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы патриоттық өнер байқауы қорытыланды.

Елімізде орын алған коронавирус пандемиясына орай онлайн ұйымдастырылған байқауға қатысқан Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушылары Әли Зайыр (мүшәйра жанры) 1 орын, ал Мөлдір Мадиярова (көркем сөз жанры бойынша) 2 орынды еншіледі. Оларға сондай-ақ арнайы Дипломмен мен медальдер табысталды. Ал байқауға атсалысып, білімі мен өнегесін өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, рухы биік әрі білімді шәкірттер тәрбиелегені үшін жетекшісі Ардақ Шаймарданова «Үздік ұстаз» Дипломымен марапатталды.

Айта кетейік, «Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы мұрындық болған байқау ережесіне орай Ә.Зайыр Ұлы Отан соғысы тақырыбында өз жадынан шығарған өлеңін, ал М.Мадиярова ақын С.Мәуленовтың «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңін мәнерлеп оқып, бейнебаянға түсіріп жіберіпті. Осылай онлайн байқауға қатысып, жүлдегерлер сапынан көрінді.

Д.АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521