Партия алдындағы жаңа міндеттер

Астанада өткен «Нұр Отан» Бастауыш партия ұйымдарының бірінші форумы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың құттықтауымен ашылды.

Өз Құттықтауында Елбасы «Нұр Отан» партиясы жетекші саяси күш ретінде дамудың локомотиві болып қана қоймай, сонымен бірге әр қазақстандықтың мемлекеттің әлеуметтік саясатының игілігін сезінуінің кепілі де болуы тиіс» деген сөзін тыңдаған аудандық ұйым төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев пен Құрылыс бастауыш ұйымының төрағасы Сағынтай Керешов бүгінде көпшілікпен өз әсерлерімен бөлісуде.

-Форумның ашылуы барысында Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауына арналған арнайы сессиялар ұйымдастырылды. Бірінші панельдік сессия «Партияішілік менеджмент», екіншісі-«Тиімді коммуникация», сондай-ақ «БПҰ КРІ», «Партиялық кадрлық резерв» сынды тақырыптар таңдалып, талқыға түсті.

Іс-шарада «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасының Құттықтауын оқумен бірге, партияның келесі жылы атап өтілетін 20 жылдығына арналған жұмыстарды таныстырды,-дейді форумға қатысқан Өтепберген Темірғалиұлы.

-Негізі бірінші-Елбасы Жолдауындағы міндеттердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, партияның кадрлық әлеуетін жетілдіру, бастауыш ұйымдардың жетекшілік рөлін, сауаты мен біліктілігін көтере түсу, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, «Цифрлы партия» жобасын жүзеге асыруға белсене үлес қосу, белсенді жастар мен азаматтарды осы жұмыстарға жұмылдыру,-дейді форумға Құрылыс ауылынан қатысушы мұғалім.

Ал форумда «Үздік бастауыш ұйымдар» қатарында Атырау Мұнай өңдеу зауытындағы құрылымы жеңімпаздар қатарында болып, қомақты көлемдегі көтермелеуді иеленіпті.

С.ХАЛЫҚОВ.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика