Озық ойлы ұлт болу – тәрбиеден басталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында озық ойлы ұлт болудың басты шарты – мәдениеттілік пен тәрбиелі болу екенін атап өтті. Расында да, қоғамдағы дөрекілік, балағат сөз айту сияқты жағымсыз әдеттер ұлттық болмысымызға жат қылықтар. Бұл мәселенің түп-төркіні – отбасындағы тәрбиеде жатыр.

Тәрбиенің бастауы – қарапайым дастархан басындағы сыйластықтан, үлкенге құрмет, кішіге ізеттен басталады. Ұлттық салт-дәстүрімізді, әдеп пен имандылықты жас ұрпақ бойына сіңіру – әр ата-ананың, әр отбасының парызы. Ел болашағы тәрбиелі ұрпақтың қолында екенін ұмытпауымыз керек.

 Сағира АСАНОВА

ардагер ұстаз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT