Отбасынан жылу ала алмаған бала әркімге қарап өседі

Аудандағы ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: білім және тәрбие» атты дөңгелек үстел өтіп, оған теолог, ішкі саясат мамандарымен қоса мектеп, балабақша ұстаздары мен тәрбиешілері қатысты.

 

Алдымен сала маманы Қымбат Кәрім шараның тақырыбы мен оның мақсатына тоқталса, ауданымыздың теолог маманы Ерлан Сағынов Ислам дінінде ең басты нәрсе білім алу екендігін, себебі онсыз адамдар көптеген қателіктерге жолығатынын айтып, теріс ағым өкілдерінің адасып жүргендері сол сауатсыздықтан екенін мысалдармен келтірді. Сондай-ақ, Құран Кәрім кітабының өзінде 150 жерде осындай аяттар барын, ол ілім алумен қоса тәрбиеге шақыратындығын жеткізді. Ал М.Әуезов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Шұғыла Қазиева қазір жастардың дінге көзқарасы жақсы болғанымен, бірақ қай бағытта екенін білмейтіндіктерін, кейбір атеистік бағыттағы ата-аналар қарсы болуы мүмкіндігін ескертсе, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ардақ Шаймарданова отбасынан жылу ала алмаған бала әркімге бір қарап жалтақтап өсетіндігін, содан-ақ өзге дінге еріп кететіндігін жеткізді.

Ақмарал БОКИРОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT