Мамыр айында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталады.
Аталған бағдарлама осымен 4-ші жыл жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде бюджетте 51 млрд теңге қарастырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.