Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...

Бүгін Индер аудандық мәдениет үйінде халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты мерекелік шара өтті.

Шараға  барлық  санитарлық   талаптарды  сақтай  отырып, аудан  тұрғындары  шақырылды.

spektakl

Шара басы Абай атамыздың Құнанбай шаңырағында дүниеге келгендігі, Құнанбай қажының азан шақырып есімін «Ибраһим» қойғандығы туралы көрініспен басталды.

bishiler-bi

muratbek

Халқы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор  деп таныған хакім Абайдың әндері орындалып, өлеңдері оқылды. «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды гитарамен сүйемелденген әндері көрерменнің ықыласына бөленді. Еркін Әубәкіров домбырамен Абайдың «Жаз» өлеңін керемет жеткізе білді. «Бойтұмар» би ансамблінің жас жеткіншектері де өз өнерлерімен залдағы көрерменді тәнті етті. Р.Ғабдиев атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрі Абай әндерінен попури орындап, күйлерін көрермендерге тарту етті.

olen-oku

orkestrrr

korermender

Шараға аудан әкімі Мейірім Қалауи, аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, аудандық мәслихаттың хатшысы Бағдат Сапаров қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз