ОҚИТЫН БАЛА БОЛСА, ОҚУ ҚҰРАЛЫ БАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасына сай 2022 жылдың 11 қаңтарында құрылған «Қазақстан халқына» қоры еліміздегі денсаулық сақтау мен білім беру салала - рына айрықша қолдау көрсетіп келеді. Әсіресе, «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы бағытындағы қолдауы өз нәтижесін бере бастады. Өткен жылы осы жобаға Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп енген бола - тын. Нәтижесінде мектептің жалпы құны 250 миллионға бағаланған материалдық база - сы түбегейлі жаңартылып, пән кабинеттеріне білім берудің озық тәсілдерін қолдануға мүмкіндік беретін замана - уи зертханалық құрылғылар орнатылған. - Бұл жобаның негізгі мақсаты - Назарбаев зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін ауыл мектептеріне енгізу. Сол мақсатта 2023-2024 оқу жыл - дарында Назарбаев зияткерлік мектептерінің мұғалімдері келіп, шеберлік сабақтарын өткізді. Біздің мектептің мұғалімдері де өңірдегі зияткерлік мектептерге жіберіліп, тәжірибе алмасты,- дейді мектеп директоры Айман Меңдігереева. Аталған мектепте 20 педагог-зерттеуші, 23 педагог сарапшы, 21 педагог моде - ратор - барлығы 101 мүғалім шәкірттерге дәріс береді. Күні бүгінге 1-11 сыныптар аралығында 1144 оқушы білім алады. Мектепалды даярлық тобы мен шағын орталықта 144 тәрбиеленуші бар. Өз мектептерінің аз уақыт ішінде заманауи құрылғылармен жабдықталғанына қуанған шәкірттер оқуда озат, білімді де білгір болуға талаптанып жүр. - Мектебімізге әртүрлі техникалардың келуіне бай - ланысты біздің оқуға деген құштарлығымыз бен шабы - тымыз артып келеді. Менің және басқа да оқушылардың осы мемлекеттік қорға айтар алғысымыз шексіз. Және де осының арқасында біздер оқуға, білімге белсендірек болуға тырысамыз,-дейді 10 сынып оқушысы Айша Иманғали. «Қазақстан халқына» қоры Индер ауданымен қатар, мұнайлы аймақтың Жылой және Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз селосындағы білім беру мекемелеріне қолдау көрсеткен екен. С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT