ҚОЙ БАҒУДЫ НЕГЕ ҚОР САНАЙМЫЗ

Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Сәулет Есетовтың мәліметіне сүйенсек өңірде 292 ауыл шаруашылығы құрылымы бар.

2017-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында «Ағатай» шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қара өсіруді қолға алып, Пенза облысынан 128 бас сиыр алуға келісімшартқа отырыпты. Сондай-ақ осы мақсатта 77 бас жылқы сатып алған «Құлыншақ» шаруа қожалығында қазіргі уақытта 7 адам жұмыс істесе, алдағы жоба бойынша жаңадан 20 адамды жұмыспен қамту көзделген.

Жалпы мал шаруашылығымен шұғылдану жыл сайын жанданып келе жатқанымен оны бағуға, егін салуға ешкімнің құлқы жоқ екенін бас айтады. Тіпті бағатын адам болмағандықтан қой өсірушілер оны сиырға, басқа да бағылуы оңай түлік түріне ауыстырып жатқан көрінеді. Сонда ата-бабамыз шыдаған еңбекке бүгінгілер неге төзімсіз?

"Дендер"-Ақпарат.

Сурет: Редакция мұрағатынан алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT