кезеңімен салыстырғанда 65,7%-дан76,0%-ға өсті, ал шетел валютасымен–34,3%-дан24,0%-ға кеміді. Облыстың валюта нарығы. 2024 жылғы мамырдағы жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 84 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 61– уәкілетті банктердікі,12–«Қазпошта» АҚ филиалынікі және 11– уәкілетті ұйымдардікі. 2024жылғы қаңтар-сәуірдеоблыстың айырбастау пункттерімен халықтан 22,2млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2023 жылдың көрсеткішінен 31,6%-ға төмен. Сонымен қатар 1,4млн. еуро (10,2%-ғаазайды), 623,7млн. ресей рублі (13,0%-ғакеміді) сатып алынды. Облыстың айырбастау пункттерімен 2024жылғы қаңтар-сәуірдехалыққа 107,9 млн. АҚШ доллары сатылды, 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,8%-ға өскен. Бұдан басқа халыққа 4,5млн. еуро (19,1%азайды), 739,3млн. ресей рублі (16,5%-ға азайды) сатылды. Төлем карточкаларын пайдалану. 2024 жылғы 1 мамырға айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 2 753,8 мың бірлікті құрады. Облыста 616 банкомат, 40 377POS-терминал жұмыс жасайды. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 1 172,6млрд. теңге сомасына (2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 11,9%-ға кеміді)115,2млн. транзакция (өсім 12,5%) жасалды. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 246,7 млрд. теңге сомасына (2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 0,2%-ға көбейді)2,6млн. транзакция (3,6%-ға кеміді) жасалды.
Облыстың қаржы нарығының 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдайы
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 441
