Тұрғындар жаздың аптап ыстығында демалысын өзен жағалауында өткізгенді ұнатады. Алайда, өзіңіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігін ұмытпағаныңыз жөн.
Осы орайда, Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен І және ІІ санаттағы ашық су қоймаларының суына (Жайық, Қиғаш, Ойыл, Ембі, Бақсай өзендері, Қамыскөл көлі), сонымен қатар суға шомылу орындарының суына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді.
Суға шомылу орындары аумақтық әкімдік келісімімен Атырау қаласында және Индер ауданында белгіленген орында ұйымдастырылған.
2023 жылы шомылу маусымы 21 маусым күнінен басталады, су обьектілерінен су сынамалары және оған қарасты жағалауларынан алынған топырақ сынамалары микробиологиялық, санитариялық-химиялық, паразитарлық көрсеткіштерге зертханалық зерттелуде.
Сонымен қатар, Атырау облысы тырысқақпен сырқаттану факторы бойынша 2022 жылдың эпидемиологиялық маусымында 32 су сынамасы алынып, сәйкессіздік анықталмады.
Ашық су көздерінен тырысқақ қоздырғыштарының бөлінуін болдырмау және түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында өзен жағалаулары мен ауыз сумен жабдықтау нысандарының санитарлық қорғау аймақтарын, жағажайларды тазалықта ұстау маңызды.
Су объектісін рекреациялық мақсаттарда пайдалану (демалыс, туризм, спорт) санитариялық қағидалар мен су объектісін халықтың денсаулығы үшін қауіпсіз пайдалану шарттарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде жүзеге асырылады.
Су пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларды тарта отырып, зертханалық зерттеулер мен өлшеулер жүргізу арқылы гигиеналық нормативтер мен осы Санитариялық қағидалар талаптарының сақталуын өндірістік бақылауды, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүзеге асырады.
Әлия Бекешева,
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары