ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«JASTAR OTANGA» жазғы жастар лагері аясында қатысушылар облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті.

Өңір басшысы алдымен жастардың 5 күн аясында өткізген күндері туралы баяндалған бейнероликті тамашалады. Алдымен Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан мұнайлы аймақта жастар саясатын дамытуда іргелі істердің бар екенін айта келе жастар тарапынан көтерілген ұсыныс-бастамаларға лайықты дәрежеде қолдау көрсеткен облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

Кездесуде жалын жүректі жастар өз ұсыныстарын білдіріп, бірқатар сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды. Ал сөз алған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қазіргі таңда жастарға оларды оқып, білім алуына, жұмысқа орналасуына, мамандық игеруіне мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндіктер жасалып жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, лагерь орналасқан Индер ауданының қазба байлығын игеру мақсатында аудан басшылығымен бірлескен жұмыстардың жасалып жатқанын, осы орайда аудан тұрғындары мен жастары өз белсенділіктерін танытып, басталған істің сәтімен жүзеге асуына зор үлестерін қосарына сенім білдірді.

6

Кездесу соңында Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи жастармен кездесуге уақыт бөлгені үшін облыс басшысына аудан жастарының атынан алғыс айтты. Индерлік жастар танымал бард ақын Табылды Досымовтың әндерінен попурри орындады.

 Жастар Орталығы Индер.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз