О.Көшековтің есімі колледжіге берілді

Өңірлік коммуникация қызметінің хабарлауынша, 4 қазан күні Атырау аграрлы- техникалық колледжіне белгілі мемлекет қайраткері Оңайбай Көшековтің есімін беруге арналған салтанатты шара өткен болатын.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов, еңбек ардагерлері мен қоғам өкілдері қатысты.

- Оңайбай Көшековтің есімі елге танымал. Ол 15 жылдан астам уақыт облысымызды басқарды. Өзге де жауапты қызметтерді атқарды. Оның табандылығы, тәжірибесі мен еңбекқорлығының арқасында ел үшін аса маңызды көптеген істер жүзеге асты. Ол есімі тарих беттеріне алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалардың бірегейі. Сондықтан да, жерлестерінің шынайы ризашылығы мен ықыласына бөленген жан,- деген облыс басшысы Нұрлан Ноғаев, қазіргі жастарды осындай тұлғаларды үлгі тұтуға шақырды.

kosh111

Сонымен қатар, өңір басшысы атап өткеніндей, осы колледжге аталмыш тұлғаның есімін беру – өңірдегі көптеген оқу орындарының ашылуына ұйытқы болған тұлғаға деген құрмет деп бағалаған жөн. Аймақ басшылығының шешімі бойынша, Атырау- аграрлы- техникалық колледжіне жаңа ғимарат салып беруге шешім қабылданыпты. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталып жатқан көрінеді. Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов та Оңайбай Көшековтің туыстарын, колледж ұжымы мен студенттерді құттықтай отырып, қайраткердің ел алдында еңбегін ерекше атап өтті. Бір кездері ол Маңғыстауды да басқарған.

kosh1111111

Оңайбай Көшековтің өңір басшылығы тұсында әлемдегі ірі қоры бар Теңіз мұнай кеніші ашылды, Атырау- Ганюшкин тас жолы салынды, Индер- Сағыз-Миялы жолы салына бастады, Мақат-Индер темір жолы іске қосылып, ауыл шаруашылығы саласы кең көлемде дами бастады, экономиканың өзге де салалары өрісін кеңге жайды. Еңбек ардагері Есен Тасқынбаев Оңайбай Көшековпен бірге қызмет атқарған кездерін сағына еске алып, сол кезеңдер туралы тебірене сыр шертті. Бұл үлкен жетістіктердің, күрделі проблемалардың тың бастамалардың заманы еді. - Оңайбай Көшековтің есіміне қылаудай дақ түсірмейді деген сенімдемін.

Ұстаздар мемлекет пайдасы үшін ерен еңбек үлгісін көрсететін шәкірттерді тәрбиелейді деп үміттенем,-деді өз сөзінде Есен Тасқынбаев. Салтанатты шараның барысында шақырылған қонақтар Оңайбай Көшековке арнап қойылған ескерткіш- бюстісінің ашылуына қатысып, колледждің бүгінгі тыныс – тіршілігімен де танысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521