Қоғам тыныштығының қызғалдағы

Соңғы кезде ішкі істер саласына қыз балаларының қызығушылығы жоғары болып жүргені байқалады. Соның ішінде отбасы мен қызметін қатар алып жүрген арулар бар. Солардың бірі – Анаргүл Жұбатқанова.

Ол ерлермен тең дәрежеде қ ы з м е т а т қ а р ы п , ө м і р л і к тәжірибесінде талай жетістіктерге жетіп жүр. Жұмысына деген адалдығы, халыққа деген қалтқысыз қызметі еленіп, бірқатар марапат биігінен де көрінген. Отбасында 2 ұл 2 қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Еңбек жолын 2015 жылы аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобында инспектор болып бастаған ол қазіргі таңда осы қызметті абыройлы атқарып, полиция капитаны шеніне дейін көтерілген.

– Әйел адам үшін отбасының, жолдасының қолдауы өте маңызды. Себебі, сыртта жұмыс жасау үшін алдымен бірге қол ұстасып жүрген жолдасыңның демеуі болуы қажет. Алмат, Аяулым, Әлихан, Айым есімді балапандарым өсіп келеді. Біздің қызметті ер мен әйел деп бөле қарауға болмайтын шығар. Міндет ортақ. Ерте тұрып, жұмысқа барып, кейде кеш қайтамыз. Форма кигендіктен жауапкершілік жүгі арта түседі. Бір жағынан ішкі істер саласында еңбек ету бала кездегі арманым болғандықтан, жұмысымды жақсы көремін,- дейді ол бізбен әңгімесінде.

Анаргүл Серікқызы 2019 жылы Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен ішкі істер органдарындағы әйел қызметкерлерінің арасында өткен «Полиция аруы» байқауында гранпри жеңіп алған, бұдан өзге облыс, аудан әкімдерінің алғыс хатымен де марапатталған. Әріптестері де Анаргүлдің еңбегін жоғары бағалайды.

– Ол біздің білімді кадрларымыздың бірі. Қазіргі таңда ауданда 12 нәзік жанды полиция қызметкері бар. Әрқайсысының орны бір төбе. Тұрақты түрде жүргізілетін рейд жұмыстары да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осының барлығына үлгеріп жүрген оған алғысым шексіз,- дейді аудандық полиция бөлімі кадр саясаты тобының инспекторы Әсемгүл Салимова.

Ендеше, отбасы мен қоғам тыныштығын қатар алып жүрген нәзікжанды аруларды мерекемен құттықтап, елге абыройлы қызмет етіп, балаларының қызығын көруді тілеймін!

Н.ЖАДЫРА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521