Өнегелі Таумановтар отбасы: «Ұрпақ тәрбиесіне ұқыптылық қажет»

Индербор кентінің тұрғындары Нұржау пен Алмажай Таумановтардың отау құрғандарына биыл – 21 жыл. Татулық пен ауызбіршілік салтанат құрған отбасы иелері қазіргі уақытта 5 баланы өсіріп, көпбалалы шаңырақ атанып отыр.

 

Олардың үлкені Жұлдызай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дефектология мамандығын оқып жатса, М.Әуезов атындағы орта мектепте Алтынайы 11, Нұрбергені 3, Наурызбегі 2 сыныпта білім алып жатыр. Ал отбасының сүт кенжесі, кішкентай Кәусәр – 2 жаста.

Әр бала ұлттық рухани құндылықтарды ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңірері анық. «Ер азығы мен бөрі азығы – жолда» демекші, отағасы балаларының жоқтық не екенін сездірмесі үшін еңбек етсе, отанасы Алмажай Жалғасқызы бар уақытын балаларының тәрбиесіне арнайды. Соның жемісі болса керек, балалары бір-біріне бауырмал, әр нәрсеге қызғанбай, керісінше үлкендері кішкентайларына тең бөліп, ортақ мақсатқа жұмылады екен.

«Әр адам ата-аналық парызды, міндетті түсінгені абзал. Баланы дүниеге әкелген соң бірінші денсаулығына, сосын білім алуына назар аударып, иманды, ізетті, адал, еңбекқор етіп тәрбиелеуге тиіс. Қазақта «алдыңғы арба қайда барса, соңғы арба сонда жүреді» демей ме, сондықтан алдыңғы ұл-қыздарды жақсылап тәрбиелесең, соңғылары да соларға еліктеп, еріп кетеді деп ойлаймын. Ата-ана өз парызын мүлтіксіз орындаса, бала да перзенттік парызын мінсіз орындайды» дейді отбасы иелері.

Бүгінде таңда отағасы Нұржау Дәулетқалиұлы ауысымдық кезеңмен жұмыс жасаса, жұбайы Алмажай Жалғасқызы М.Әуезов атындағы орта мектепте кітапханашы болып еңбек етіп келеді.

«Отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп Елбасымыз айтқандай, шаңырақтың шайқалмауы үшін шағын мемлекет саналатын отбасында сыйластық болуы қажет-ақ. Олар осы қағиданы берік ұстанады.

Әлбетте, үлгілі ұл мен тәрбиелі қыз өсірген отбасылар қатары көбейген сайын қазақтың да мәртебесі биіктей береріне сенім мол.

Диас АЙБАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз