Наурызды қалай тойлап жүрміз?


Осы тақырыпта редакцияда көрісу күніне орай  кеңес өтті.

Алдымен ауыл-аймақтан ат арытып келген тілші-авторлар бір-бірімен көрісіп, наурыз көжеден ауыз тиді. Отырысты бас редактор Ж.Амантурлин ашып жүргізіп, осы сәтте Көкше өңірі Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай жұмысына сәттілік тіледі.Одан әрі ақсақалдар наурыз мейрамы жөнінде ойларын ортаға салды.

Айталық, ардагер-ұстаз А.Бағыт жаңа жылға дайындық ерекше де, көрісуге келгенде ондай қарқын сезілмейтінін айта келе, бірнеше ұсынысын айтты. Наурыз мейрамының бұқаралық сипат алуы жөнінде ауданның Құрметті азаматтары Қ.Кәрім мен С.Халықов ауылдағы шағын құрылтай іспетті өтіп жатқан іс- шараның мазмұнды екенін, ал мерекені жасанды әрі тым ресмилендірмеу қажет екендігін айтып, ұтымды пікір білдірсе, аудандық санитар+лық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Досымбетова, М.Әуезов атындағы  орта  мектептің жас мұғалімі Қ.Көргенов сынды өзге де қатысушылар қайтсек наурыз мейрамын әр жүрекке ұялатамыз деген сияқты руханият төңірегінде көрнекті әңгіме өрбітті.

Қоғамдық ой қозғалған қызу пікір талас аяқсыз қалмай, наурыз тұжырымдамасын өз мәнінде өткізу ұйымдастырушы биліктің басты назарында болу керек деп түйді пікір иелері.  

А.Бокирова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT