Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік қалай жасалмақ?

Аудандық мәдениет үйінде алдағы сайлауда мүмкіндігі шектеулі сайлаушылардың дауыс беруге кедергісіз қол жеткізуі және ондағы дауыс беруі үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуі жөнінде жоспарлар талқыланды.

Іс-шарада облыс әкімінің штаттан тыс мүгедектер жөніндегі кеңесшісі, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, «Мүгедек әлемі» қ о ғ а м д ы қ бірлестігінің төрайымы Күлбаршын Балхашқызы және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділгерей Сәкенов мүмкіндігі шектеулі жандарға Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы облыс әкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №24/217 қаулысымен бекітілген «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарын Атырау облысында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен» таныстырды.

kulbarshyn

Онда:

- мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруге арналған үйжайларды ғимараттардың бірінші қабаттарында орналастыруды, пандустардың, төсеніштердің, тактильді көрсеткіштердің болуын қамтамасыз ету;

- ҚР-ның әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділік картасына сайлау учаскелерін енгізу;

- дауыс беруге мүмкіндігі шектеулі, яғни зағип, саңырау сайлаушылардың сайлау учаскесіне жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің жәрдемдесуімен сурдоаудармашылар, тифлосурдо аудармашыларды тарту;

- мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға арналған ақпараттық стендтер мен бұрыштар дайындау;

-аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі сайлаушылардың санын (тізімін) шығарып, сайлау комиссияларына ұсыну. Жасы 18-ге толған, алғаш дауыс беруге қатысатын сайлаушылардың тізімін шығару;

-аудан орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру жөніндегі бильбордтар дайындау, оларды ілу;

-дауыс беру күні мүмкіндігі шектеулі азаматтарды арнайы транспорттармен қамтамасыз ету секілді бірқатар мәселелер қарастырылған.

azhar-serikkali

Талқылауға қатысқан аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ажар Серікқалиева аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайларын, ұсыныс-пікірлерін және түйткілді мәселелерін жеткізді.

 

А.ҒАРИФУЛЛИН

сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521