Мүмкіндігі шектеулі жандар шипажайда тегін демалады

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мейлінше қолдау көрсету – қоғамның басты талабы. Олар кезіккен қиындықты бірлесе шешуде уақыт күттірмес іс екені анық. Өткен жылы да олар үшін нақты жұмыстар жасалып, тиісті көмектер беріліпті.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Алтын Төлегенованың айтуынша, 372 азамат жеке оңалту бағдарламасы бойынша есепке алынған екен. Солардың ішінде 29 сурдо - техникалық құралдар, 48 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 156 дана тифло-техникалық құралдар, 36 мүгедекке таяқ - балдақ берілсе, жүру-қозғалу мүмкіндігі шектеулі 23 азаматқа арнайы кресло арбалар, 158 адамға міндетті гигиеналық құралдар берілген көрінеді.

Сондай-ақ Атырау қаласындағы оңалту орталығына 96 адам жолдама алса, Ақмола облысы, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы орналасқан «Береке», «Спутник», «Шипагер» шипажайларындағы емдеу-сауықтыру шараларына қатынасу үшін 141 адамға тиісті жолдамалар берілген көрінеді. Жүріп - тұруы қиын 1 топтағы 70 мүгедекке 68 жеке көмекші қызмет еткен. Бұл мақсатқа қазынадан 17270,0 теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңдылығына сай «Ақтөбе соқырлар қоғамы» арқылы бөлінген қаржы игерілген.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бағытында аудан бойынша 23 мүгедек балаға 6 әлеуметтік қызметкер қолдау көрсетсе, 76 жалғызілікті қартқа 17 әлеуметтік қызметкер қызмет етуде екен.

Тас түскен жеріне ауыр демекші олардың жанына бататын қиындықты еңсеру бағытындағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалмасы анық. Маманның сөзінен ұққанымыздай, мұндай қолдау шаралары биыл да жасалмақшы екен. Оған қажетті қаражат та қарастырылу үстінде.

Сұңқар ЕРСАЙЫНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521